Жамбылдық спортшы Азия ойындарында алтын жүлдеге ие болды

0 4

Жамбылдық спортшы Гузалия Гафурова Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында каратэден әйелдер арасында 68 келі салмақта алтын жүлдеге ие болды. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

Ол финалда қытайлық спортшы Танг Линглингті ұтып кетті.

Естеріңізге сала кетейік, Гузалия бірінші айналымда өзбекстандық қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Екінші айналымда қазақстандық спортшы Иран өкілінен басым түсті.

Ал жартылай финалда вьетнамдықпен кездескен Ғафурова 8:5 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Индонезияда өтіп жатқан Азиада-2018 ойындарының жалпы қорытындысы бойынша 6 алтын, 8 күміс және 28 қола медальмен жалпы есепте 11-ші орынды сақтап тұр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.