Әнші Алтынай Жорабаева мемлекеттік бағдарламаның бренд-амбассадоры болып жарияланды

0 4
Аналогтық телевизиядан цифрлыққа (ЦЭТВ) өту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаеваны жобаның бренд-амбассадоры етіп жариялайды. Белгілі әнші халықты Қазақстанда цифрлық хабар таратуға көшудің қажеттілігін түсіндіру үдерісіне белсенді түрде қатысады. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.
Алтынай Жорабаеваның айтуынша, жобаға қол ұшын созу кезінде оның азаматтық ұстанымы белгілі болады. Қазақстан заман ағымымен бірге жүріп, жаңа цифрлық технологияларды ендіріп, оларды даму жолында қолдануы қажет.
Қазақстанның белгілі әншісі қазіргі Түркістан облысының тумасы болып табылады. Маңғыстау, Жамбыл және Түркістан облыстары осы жылдың қазаны мен желтоқсанында аналогтық хабар таратуды тоқтатып, цифрлыққа өтетін алғашқы аймақтардың қатарында болады.
Халықты құлақтандыру аясында жобаның бренд-амбассадоры Қазақстан халқына цифрлық хабар таратуға өтудің қажеттілігі туралы бейнеүндеу жолдайды. Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының пікірін біліп, халық пен БАҚ үшін сұхбат береді. Сонымен қатар, цифрлық хабар таратудың ерекшеліктері туралы ақпарат беріп, халықты әлеуметтік жауапкершілік танытуға және телерадиохабар тарататын отандық операторды қолдауға шақырады.
Кейбір материалдарды Алтынай Жорабаеваның өте көп жазылушылары бар, әлеуметтік желілердегі парақшаларынан көру қолжетімді болады. Әйгілі Instagram-да актрисаны 1,7 млн қазақстандық оқиды. Сонымен қатар, ең қызықты ақпараттар ЦЭТВ-ның Facebook және Instagram-дағы (cetv_kz) парақшаларында қолжетімді болады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.