Тараз қаласында білім мазмұнын жаңарту аясында Жамбыл облысының жалпы білім беретін мектептерінің 3, 6, 8 сынып мұғалімдеріне арналған теория мен тәжірибені ұштастыруға бағытталған секциялық отырыстар өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі.
Ағымдағы жылдың 27 тамызында білім беру саласы қызметкерлерінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адам капиталы» атты тамыз конференциясы аясында Тараз қаласы А.С.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясы мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында жалпы білім беретін мектептің 3, 6, 8 сынып мұғалімдері үшін жаңартылған білім мазмұны мәселесі бойынша облыстық секциялық отырыстар өткізілді.
«Төртінші революция жағдайындағы адами капитал» атты секция барысында білім саласындағы реформалар мен міндеттер,алдағы жұмыс жоспары талқыланды.
Жиын барысында жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық ғылымдар мен дене шынықтыру мұғалімдері үшін екі бағытта жүргізілді. Шараға 3, 6, 8 сынып мұғалімдері, мектеп директорлары мен әдіскерлерін қамтыған облыстың 1155 педагог қызметкерлері қатысты.
Сондай-ақ, басқосуда сабақты өткізу үшін уақытты тиімді басқару мәселелері қаралды. Сонымен қатар, ұстаздардың практикалық ілімін, оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін сапалы және сандық зерттеу деректерін қолдану сөз етілді.
Іс-шара бағдарламасына сәйкес Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі және А.С.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясының мұғалімдері пәндер бойынша шеберлік-сыныптарын, Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалы жаттықтырушылары тиімді сабақ басқаруға арналған тайм-менеджмент, мұғалім тәжірибесіндегі рефлексивті хат, оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін сапалық және сандық зерттеу деректерін қолдану бойынша семинар-практикумдар сериясын өткізді.
– Жаңартылған білім беру жүйесіне қатысты Назарбаев зияткерлік мектептерінің мұғалімдері өткізген шеберлік сағаты көңілімнен шықты. Бұл жүйеде тәжірибелі ұстаздар болғандықтан көптеген жаңа мағлұматтар алдық деп есептеймін. Мұндай жүйемен оқыған бала кең түрде ойлайды. Екі-үш жылдың ішінде бұл жүйе толығымен еніп, өз жемісін бере бастайтынына сенімім мол, − дейді жиынға қатысушылар.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған суалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.