Таразда «Киелі Қазақстан: Тараз – тарих айнасы» атты конференция өтті

0 8

Тараз қаласы «Достық үйінде» Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Киелі Қазақстан: Тараз – тарих айнасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды.

Шараның негізгі мақсаты — қазіргі заманғы мәдени-экономикалық орталықты қалыптастыру кезіндегі Тараз қаласының тарихи мұрасын зерделеу, жергілікті тарихты зерттеу жұмыстарында тәжірибе алмасу үшін ақпараттық ғылыми платформа құру.

Конференция жұмысына облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали модераторлық етті.

«Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» бағдарламасының шеңберінде жергілікті тарих және аймақтың тарихи мұраларын зерделеген ғалымдар мен қоғам белсенділері өзара  тәжірибе алмасты.

Тарихи тамыры терең Тараз шаһары ежелгі дәуірден бастап қолөнер және сауда орталығы болды. Өлкеміздің өткенін білу – рухани тәрбиенің жаңғыруы.Осыған байланысты аймақта үлкен іс-шаралар жүргізілуде. Қазақстанның қасиетті  100 мекеніне Жамбыл облысының  8 мәдени және тарихи нысаны кірді. Ағымдағы  жылдың қараша айында «Әулиеата қасиетті мекендерінің географиясы» кітаб-альбомын шығару жоспарланып, археологиялық тарихи өлкелердің сипаттамасын қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде шығару жоспарланды. Конференция қатысушыларының ойынша  халық арасында тарихымызға қатысты  насихат жұмыстарын жүргізу керектігі айтылды.

Сондай-ақ, іс-шараға арнайы қонақ ретінде «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Досымбаева Айман Медеубайқызы, «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» орталық кеңесінің төрағасы Озғанбаев Өмірзақ Озғанбайұлы, «Қазархеология» ЖШС директоры Смаилов Жұман Егінбайұлы, сондай-ақ, облыстың белді жоғары оқу орындары – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ғалымдары шақырылды.

Жиын соңында бірқатар азаматтар «Алаштың 100 жылдығы» төсбелгісімен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.