Шу ауданы орталық Мәдениет үйінде, Шу ауданы білім беру қызметкерлерінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында тамыз кеңесі болып өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Кеңеске келушілерге арнайы Мәдениет үйінің фаесіне білім бөлімінің ұйымдастыруымен робототехникалар құрылғыларынан көрмелер ұйымдастырылды.
Атаулы жиынға ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша білім саласын бақылау департаментінің басшысы Дәмеш Ускумбаева қатысты.
Жиын барысында Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Майра Базарованың баяндамасы тыңдалып, соңынан аудан әкімі Қайрат Досаев қорытындылады. Сондай-ақ, Жамбыл облысы бойынша білім саласын бақылау департаментіннің басшысы Дәмеш Ускумбаева да сөз алып пікірін ортаға салды.
Жиын соңында ардагер ұстаздар мен білім саласының майталмандары аудан әкімінің «Құрмет грамоталары» «Алғыс хаттары» мен марапатталды.