Тараз қаласында рейдтік тексеру кезінде анықталған «қызыл сызыққа» соғылған 20 құрылыс нысандары тіркеліп отыр. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.
Олардың барлығы дерлік ешқандай рұқсат қағазынсыз «қызыл сызық» үстіне салынып кеткен. Қалалық сәулет және құрылыс бөлімі анықтағандай, олардың 1-еуі сауда үйі, 9-ы дүкендер мен оларға жапсарлас құрылыстар, 5-еуі дәмханалар мен оларға жапсарлас құрылыстар, 2-еуі мейрамхана екені белгілі болды. Бұл санатта бір-бірден шағын қонақ үй, спорттық емдеу-сауықтыру және ойын-сауық кешендері де бар. Аталған нысандардың 8-і пайдалануға қабылданып та кеткен екен.
Бүгінде аталған барлық нысандар бойынша қабылданған шара – мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мекемесіне олардың ісі сотқа берілгендігі, бұзып тастау жөніндегі шешімдерімен, айыппұл салу, басқа да құжаттарымен қоса арнайы хаттар жолданған.
Сонымен қатар, облыс орталығында «қызыл сызықты» көзге ілмеген 103 нысан анықталған.