Медициналық пойыздар Қазақстанның шалғай жерлеріндегі тұрғындарға көмек көрсетеді

0 4

Қарағанды және Алматы-2 бекетінен «Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары жүрді. Үш ай бойы пойыздар еліміздің шалғайдағы теміржол бекеттерінде тоқтап, елді-мекен тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пойыздардың медициналық бригада құрамына терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог сияқты білікті дәрігерлер кіреді.

Пойыз заманауи диагностикалық құралдармен жабдықталған, оның ішінде компьютерлік спирометрлік жүйемен, эхоэнцефалографпен, диагностикалық жүктеме сынақтарын жүргізу үшін кардиологиялық мониторинг жүйесімен, сондай-ақ рентген, стоматологиялық, ЛОР және офтальмологиялық жабдықтардың соңғы үлгілерімен қамтамасыз етілген.

Станциялардың тұрғындары жоғары білікті медициналық көмек, соның ішінде шағын хирургиялық операциялар, сондай-ақ жоғары сапалы стоматологиялық көмек ала алады.

«Медициналық пойыздар» жобасы алғаш рет 2010 жылы іске қосылған. Осы уақыт ішінде консультациялық-диагностикалық пойыздардан еліміздің барлық облыстарынан 1326 станция тұрғындары тексеруден өтті. Мамандар 379 000 қазақстандықты тексерістен өткізді, оның 83 806 балалар. Дәрігерлік қабылдаулардың жалпы саны шамамен 2,5 млн құрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.