Жамбылдық 50-ден астам офицер Алматы қаласына әскери жиынға шақырылды

0 11

Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» Заңына және Қорғаныс министрінің «Әскери міндеттілерді әскери жиынға шақыру» туралы бұйырығына сәйкес 50-ден астам Жамбыл облысында есепте тұрған запастағы офицерлер Алматы қаласындағы жоғары әскери оқу орындарына әскери жиынға шақырылды, -деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Запастағы офицерлер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын күшейту мақсатында, Құрлық әскерлері әскери институтының және радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқу алаңдары мен ғимараттарында 30 күн ішінде өз мамандықтары бойынша білім алады.

Әскери жиынға аттанбас бұрын әскери міндеттілерге Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің баптары, жиынға бара жатқанда және жиын барысында ұстанатын қауіпсіздік шаралары мен талаптары тақырыптарында сабақтар өткізілді.

Әскери жиын соңында, өзін жақсы жағынан көрсете білген запастағы офицерлер кезекті әскери атағын алуға мүмкіндік алады.

Айта кетсек, әскери жиындарға денсаулығында ақау жоқ, моральдік және іскерлік қасиеттері бойынша қойылатын талаптарға сай келетін запастағы офицерлер, сержанттар мен сарбаздар ғана шақырылады.

Запастағы офицер, сержант немесе сарбаз болып тек қана, мерзімді әскери қызметтен өткен, Қорғаныс Министрлігінің әскери-техникалық мектебінде білім алған, университеттің әскери кафедрасында оқыған және әскери қызметтен босатылып запасқа қойылған әскери қызметшілер саналады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.