Жамбыл облысында БАҚ өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтуде (ФОТО)

0 7

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ұйымдастыруымен Меркі ауданы, “Тұран” демалыс аймағында облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктердің баспасөз хатшылары мен журналистеріне және блогерлеріне арналған «Ақпарат ағыны және біз» тақырыбында 1 күндік семинар-тренинг өтуде. Бұл туралы “ZhambylNews” Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды.

Онда ақпарат таратудағы сауаттылық, бүгінгі журналистиканың талаптары, ақпаратты тексеру (фактчекинг) сияқты тақырыптарда дәріс оқылып, семинарға қатысушыларға осы тақырыптар аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Әулиеата өңірінде мұндай семинар өтеді деген күннен бастап, қатысуға тілек білдіргендер көп болған. Бұл туралы семинардың ашылуында сөз алған Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәлиұлы айтты, және мұндай семинарлардың маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ, қатысушыларға – “Мінбер” журналистерді қолдау орталығындағы жаңа медианы және дата журналистиканы зерттеу тобының жетекшісі, медиатренер Асхат Еркімбай және республикалық “El.kz” интернет жобасының жетекшісі, медиатренер Бэлла Орынбетова дәріс оқуда. Біліктілікті жетілдіру семинарына облыстың он ауданы мен Тараз қаласынан келген тілшілер қатысты.  Онда, фото-видеомен жұмыс, ақпараттың шынайылығын тексеру, инфографика және ақпаратты визуализациялау сияқты жаңа медиа әдістер қарастырылды.

Әрине, тың дүниелерді аз уақытта игеріп кету мүмкін емес. Алайда, бұл семинардың санаға сәуле түсіргені рас. Болашақта, дата-журналистика, фактчекинг сияқты бағдарламалардың тиімділігі және оларды меңгеру қажеттілігі түсіндірілді.

Меркі жерінде бастау алған семинар-тренинг бүгін Тараз төрінде өз мәресіне жетті. Жалпы 3 сағатқа созылған семинардың 1,5 сағаты  теориялық білімге назар аударылды. Ал қалған 1,5 сағаты практикалық тұрғыда дәріс оқылды. Облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктердің баспасөз хатшылары мен журналистер және блогерлердің бас қосқан жиынында қалай әлеуметтік парақша ашу керек, оны қалай жүргізу тәртібі кеңінен түсіндірілді.Сондай-ақ, ақпарат таратудағы сауаттылық және оны тексеру сынды маңызды дүниелерді үйренетін болады дейді, — ұйымдастырушылар.

Табиғат аясындағы семинар ерекшелігі  тілшілердің бір-бірімен танысып, табысып, тәжірибе алмасуы болды. Алдағы уақытта журналистерге арналған семинар-тренингтер тұрақты өткізілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.