Меркі ауданында 3 елді мекенде медициналық нысандардың құрылысы жүргізілуде

0 4

Меркі ауданында ағымдағы жылы мемлекеттік жекешелік әріптестік шеңберінде 3 елді мекенде медициналық нысандардың құрылысы жүргізілуде. Олар: Ойтал (Мыхан) дәрігерлік амбулаториясы, Екпінді фельдшерлік-акушерлік пункті, Тұрлыбай батыр медициналық пункті. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен брифингте Меркі ауданы әкімі Мейірхан Өмірбеков мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бүгінгі таңда аудан аумағында жалпы 43 емдеу алдын алу мекемелері жергілікті халыққа медициналық қызмет көрсетуде. Олар 1 — аурухана,  2-емхана, 13-дәрігерлік амбулатория, 8 — фельдшерлік-акушерлік және 19 медициналық пункт бар.

Сондай-ақ, орталық ауруханаға 990 млн. 357 мың теңге бөлінді. Оның ішінде: дәрі дәрмекке – 146 млн. 636 мың теңге, тамаққа – 15 млн. 443 мың теңге.

2018 жылдың қаңтар-тамыз айында 1081 нәресте дүниеге келді. Есепті кезеңде ана өлімі тіркелген жоқ, бала өлімі – 5.

Айта кетейік, Меркі ауданында 202 спорт нысандары бар. Оның ішінде: 1 орталық стадион, 12 атқыштар тирі, 38 футбол алаңдары, 101 спорттық алаңдар, 34 спорт залдары,  12 арнайы орнатылған спорттық залдар, 4 бильярд залдары.

Жыл басынан бері халықаралық және елімізде өткізілген жарыстарда аудан спортшылары барлығы 651 медальға ие болды (197 алтын, 158 күміс, 296 қола). Ағымдағы жылдың 8 айында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың саны – 24560 болып, дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамтылу деңгейі 29,0 % болып қалыптасты.

Жыл сайын дене шынықтыру және спорт саласының материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. Соның бірі, 2018 жылы Ақермен, Тәтті ауылдық округтерінде кіші футбол алаңшаларының құрылыстары аяқталуда. Аудан спортшылары елімізде және халықаралық деңгейде өткен облыстық жарыстарда үлкен жетістіктерге жетуде.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.