Жамбыл облысында 4 жаңа бұқаралық ақпарат құралы ашылды

0 5

Ағымдағы жылы Жамбыл облысында 4 жаңа бұқаралық ақпарат құралы тіркелді. Оның 3-і ақпараттық агенттік («AQ JOL-AQPARAT», «ZAU.KZ», «08info») болса , 1-і журнал түрінде(«СЭР» спортивно-экономическое ревю») тіркелген. Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәлиұлы айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Өңірдегі түсіндіру және ақпараттық саясатты жүргізу жұмысы — облыстық ішкі саясат басқармасының негізгі қызметтерінің бірі.

Бүгінде облыста 59 бұқаралық ақпарат құралы бар. Оның 50-і мерзімді басылымдар болса, қалған 2-і телеарна. Ақпараттық агенттіктер саны 7.

40 БАҚ мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ақпараттық саясатты жүзеге асыруда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.