Синоптиктер 2-4 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы уақытта жаңбыр күтіледі.
— Демалыс күндері климаттық нормадан 4-7 градусқа жоғары ауа температурасымен аномальді жылы ауа райын ұстап тұрған антициклон Батыс Сібірдің оңтүстікке жылжыды. Алдағы екі тәулікте Қазақстан арқылы суық атмосфералық фронттар жылжиды. 2 қазанда республиканың солтүстік және орталық облыстарында, 2-3 қазанда оңтүстік-шығыс және шығысында кей жерлерде жаңбыр күтіледі, — деп болжады «Қазгидромет» өкілдері.
Сондай-ақ, Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасының 0-5 градусқа дейін төмендейтіні айтылады.