Елімізде екі әуекомпанияның қызметі уақытша тоқтатылды

0 0

Азаматтық авиация комитеті шұғыл түрде 17 ұшақты пайдалануды және шағын авиацияның 2 әуе компаниясының қызметін уақытша тоқтатты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Tengrinews.kz -ке сілтема жасап. 

Баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, азаматтық авиация комитеті ҚР Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп, шағын авиациядағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін көтеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен, 1 қазанда өткен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту мәселелері бойынша бірлескен кеңес отырысында 17 ұшақты (14 Ан-2 және 3 Tecnam) пайдалану және «Азия Континенталь Авиалайнс» пен «КАЗАВИА» Тәуелсіз әуе компаниясы» ЖШС-нің авиациялық жұмыстарды атқару куәлігін пайдалануға шектеу қойылды.

— ҚР Әкімшілік кодексінің бірінші бөлімінің 570-бабы бойынша авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін пайдаланушы лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, ұшу және техникалық жұмыстарды сапасыз ұйымдастырғаны үшін әуе компанияның 16 лауазымды тұлғасына тәртіптік шара қабылданды. ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті ұшу қауіпсіздігін бұзуға төзбеу қағидасы бойынша ұшу қауіпсіздігін арттыру жұмыстарын жалғастырып жатырмыз, — деп хабарлады ведомстводағылар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.