Жамбыл облысы жылыту маусымына 99,8 пайыз дайын. Бұл туралы Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарының көшпелі штаб отырысында сөз болды. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков пен сала мамандары қатысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Сондай-ақ, әлеуметтік саладағы 1753 нысан 100 пайыз сақадай сай отыр екен. Бұл туралы энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы баяндамасында мәлімдеді. Сонымен бірге, әрбір аудан бойынша жүргізілген мониторингте анықталған кемшіліктерді талдап берді.
Нұрлан Алдамжаров — энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл ауданының да жауапты мамандарының дайындығы тыңдалды. Көмір, жылыту қазандықтары мен газ жүргізу мәселелері де зерделенді. Облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков, бастысы аймақ жұртшылығына дұрыс түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, дер кезінде көмірмен қамтамасыз етілуін тапсырды. Құмшағал ауылына қарасты тұрғындардың көмірге қатысты уәжін жеткізіп, назарға алынуын айтты.
Дереккөз: Jambyl tv