Облыста 330 834 адамға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі түсіндірілді. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасындағы «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Марат Сейітбекұлының айтуынша, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы мен аудан және Тараз қаласының әкімдері арасында келісімге қол қойылып, 8 айдың қортындысы бойынша 330 834 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Сондай-ақ, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен қаладағы санаты анықталмаған азаматтар бойынша үй-үйді аралап, МӘМС жүйесін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, биылғы жылдың басынан қала бойынша жалпы 10430 үй араланған.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің жаңа моделін түсіндіру бойынша ағымдағы жылдың маусым-тамыз айлары аралығындағы аудандық баспасөз ақпарат құралдарына түсіндіру бойынша мақалалар басылып шықты.
Сонымен қатар, қаланың ірі және орта кәсіпорындарының ұжымдарына МӘМС жүйесін түсіндіру жұмыстары жүргізілді («Арайстроймаркет», «Керамик-Инвест», «Жамбылхимстрой», «ЖЗМК-Имсталькон» ЖШС және т.б.). Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, — дейді Марат Жұманқұлов.
Айта кету керек, аталған іс-шара «100 нақты қадам: Баршаға бірдей қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының 80 қадамын іске асыру мақсатында облыс әкімдігінің қаулысымен «100 нақты қадам «Ұлт жоспарын» денсаулық сақтау саласы және әлеуметтік даму саласында түсіндіру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жұмыстарын түсіндіру мақсатында облыста аранайы штаб құрылып, жыл басынан бері 20 отырыс және Шу, Қордай, Жуалы аудандарында халықпен кездесулер өткізілген.