Президент полицейлердің жалақысын көтеруді тапсырды

0 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында құқық қорғау саласында оңтайландыру шараларын жүргізуді жүктеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, келесі жылдан бастап құқық қорғау органдарының жұмысын жаңғырту бағдарламасы басталады. Соның аясында ішкі істер органдарының штаттық құрамы оңтайландырылады.

— Полицияға қажетсіз функцияларды бермеу керек. Әйтпесе, полиция анда, полиция мында, бүкіл жерде полиция. Полицияның негізгі міндеті — қоғамдық тәртіпті сақтау. Болды. Оған күзет, анау-мынауды ілмеу керек. Осыны шешетін уақыт болды ғой. Сосын басшылар көп, 12-15 жоғары оқу орны бар. 5 универсиетті ғана қалдыру қажет. Ал үнемделген қаржыға полицейдің жалақысын көтеру керек. Жетпей жатса, тағы көре жатармыз. Полицейлердің баспана және тағы басқа мәселелерін шешуіміз керек, — деді Н. Назарбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.