Құрметті облыс тұрғындары!

0 19

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ арасындағы келісімге сәйкес «Адал жол» жобалық кеңсесі құрылған.

Жобалық кеңсе қоғамның темір жол жолаушылар тасымалының тиісті жұмыс істеуін, халықтың темір жол жолаушылар көлігінде көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстарды жүргізуде.

Осыған орай Сіздер, «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметіне қатысты өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз болған жағдайда мына электрондық мекен-жайға «Adalzhol.kz@gmail.com» немесе Жобалық кеңсенің Call – Center 8702-447-74-02 (WhatsApp, Telegram) жолдауларыңызға болады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті

Leave A Reply

Your email address will not be published.