Талас ауданы 90 жылдық мерейтойына арналған «Туған жерге тағзым» атты облыстық жастар форумы өтті

0 6

Бүгін Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Талас аудандық Балалар өнер мектебінің акт залында Талас ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған «Болашаққа  бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жерге тағзым» атты облыстық жастар форумы болып өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының негізгі мақсаты — бұл  отаншылдық сезімнің әрдайым жоғары тұруы керектігін баршаға жеткізу болып табылады.

Аталған шараға Елордамыз Астана қаласынан арнайы елімізге танымал блогер, журналист, медиалектор, «Хабар» агенттігінің арнайы бағдарламалар бөлімінің жетекшісі —  Өркен Кенжебек,  Алматы қаласынан киелі Талас жеріне алғашқы рет келіп отырған құрметті қонақ танымал блоггер, медиасарапшы — Яков Федоров, Жастар саясаты саласында өзіндік орны бар азаматтардың бірі, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы — Уәлихан Болатбек, Жамбыл облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, блогер-Исламбек Дастанұлы сынды жастарға үлгі, өнеге беретін қонақтар  шақырылды.

Форумның ашылу салтанатын Талас ауданы әкімінің орынбасары Қадірбек Садубаев «Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас» деген дана халқымыз, осы қағиданы ұстанған әр адам атамекен – алтын бесігін естен шығармай,оған өзін мәңгілік қарыздармын деп есептейтіні ақиқат. Бүгінде киелі Талас топырағынан түлеп ұшқан абзал азаматтар әр салада еңбек етіп табысқа жеткен танымал жандарға айналған. Ата жұрттағы қалың ел оларға тілекші. Жырақтағы жерлестеріміздің жетістіктерін әрдайым мақтан етеміз» дей отыра өз ыстық ықыласын білдірді.

Ұйымдастырылып отырған форумға колледж, мектеп білімгерлері шақырылып барлығы 355 жас қамтылды.

Форумның соңында Талас ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Манатбеков Нұрсұлтан Жексенбекұлы қорытынды сөз алып, шақырылған форум қонақтарына алғысын білдіре отырып, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.