Жамбылдық құтқару қызметі атаулы мерекелерін тойлады

0 20

2018 жылдың ағымдағы аптасын өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың басты мерекесі «19 қазан – Қазақстан құтқарушылар күніне» дайындық өткізілуде. Осыған орай, Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің балалары арасында «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар балалардың көзқарасымен» атты суреттер байқауы өткізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

SAMSUNG CAMERA PICTURES

Баланың қиялдары өрт сөндіруші мен құтқарушының мамандығын жаңаша көруге мүмкіндік береді: ол тек өртте адамдардың құтқаратын маман ғана емес, ол кәуіптілік туралы ескертетін олардың сенімді досы және тәлімгері. Балалрдың жұмыстарында, төтенше жағдайларды жою кезінде өзәра іс-қимыл атқаратын барлық қызметтердің жұмыстары бейнеленген. Кейбір балалар, ересектер мен балаларда білу тиіс өрт қауіпсіздігі ережелерін де көрсетіп өтті.

Осылайша, суреттер байқауының қорытындысы бойынша, 1-ші орынға 6 «Г» сынып оқушысы Мизамбай Диас ие болды, 2-ші орынды 7 «А» сынып оқушысы Бауыржанқызы Камила женіп алды, ал 5 «А» сынып оқушысы Аманбай Бекнур жүлделі 3 орынға ие болды.

Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Ғалымжан Абрахманов жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтады.

— Әр байқау сайын, біз балалардың шеберліктері мен шығармашылықтарына таң қаламыз, одан әрі олар өрт қауіпсіздік мәдениетіне өз үлестерін қосуда және білімділік деңгейлерін арттырады. Әрине қазіргі жас ұрпақ, шығармашылық арқылы өздерінің қауіпсіз болашағын жасауда, — дейді Ғалымжан Абдрахманов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.