Бос тұрған ғимараттарды өндірістік мақсатта пайдалану қажет

0 6

Бос тұрған ғимараттарды өндірістік мақсатта пайдалану қажет. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Асқар Мырзаxметовтың қатысуымен өткен жиында айтылып, ол бойынша атқарылатын жоспарлы жұмыстар жан-жақты талқыланды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Басқосу барысында бірқатар инвестициялық жобалар қаралып, оларды жүзеге асыруда кездесіп отырған кедергілер мен түйінді түйіткілдер төңірегінде түрлі ой-пікірлер ортаға салынды.

Сондай-ақ, жиында бос тұрған ғимараттарды өндірістік мақсатта пайдалану және агроиндустриалды аймақ құруға қызығушылық танытқан кәсіпкерлердің жоспар-жобалары сараланды.

Асқар Исабекұлы күн тәртібіндегі мәселе бойынша тиісті басшыларға нақты тапсырмалар жүктеп, жұмысты сылбырлыққа салмай уақытылы әрі мұқият атқару керектігін ескертті.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.