Жамбыл облысында «Ұлы дала рухы» атты ерекше іс-шара өтті (ФОТО)

0 12

Бүгін Тараз қаласындағы «Достық» үйінде тұңғыш рет “Ұлы дала рухы” атты ерекше фестиваль өтті, — деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігінің тілшісі.

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ұйымдастыруымен өтіп отырған шарада Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласының негізінде Жамбыл облысының тұрғындарына арналған рухани-мәдени іс-шаралар топтамасын ұсынылып, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен құндылықтарымызды дәріптейтін көрмелер ұйымдастырылды.

Атап айтар болсақ, «Достық үйінің» бірінші қабатында Астанадан арнайы келген иллюстратор-суретші Аңсаған Мұстафаның әлеуметтік тақырыптарға арналған «Сөйле сурет!» деп аталатын графикалық суреттері  мен БАҚ жұмыс жасайтын фототілшілердің сурет көрмелері қойылды. Сонымен қатар, облыстағы телеарналар мен газет ұжымдарының көрмелері де халық назарына ұсынылды.

Сурет көрмесінен кейін фестиваль «Ұлы дала рухы» іс-шарасының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Кеште  Ғани Мәтебаев, Жазира Сметова, Ербосын Қасымбек сынды әншілер мен «Алаш ұлы» тобы ән шырқады.

Сонымен қатар,  іс-шара аясында әулиеаталық ақын Нұрлыбек Құманов пен Дархан Әбдіманат жекпе-жек айтысқа түсіп, қағытпа қалжың сөздерімен жұртты күлкіге қарық қылды. Бұдан бөлек тараздық жас ақындар Жанғазы Ахмет, Нұрболат Жолдасбекұлы, Данияр Әлімқұл жыр сүйер қауымға өлең шумақтарын арнады.

Кеш соңында облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли құттықтау сөз сөйлеп, «Ұлы дала рухы» фестиваліне қатысқан барлық телеарна, газет ұжымына, фотографтарға арнайы Алғыс хаттар табыстады.

Берік Уәли, Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы:

— Құрметті көрермендер, жерлестер бүгін керемет кешке куә болып отырмыз! Өздеріңіз білесіздер, Жамбыл облысы 8-ші аймақ деп айтылады. Осыған орай, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының аясында Жамбыл облысынан 8 азамат осы тізімге енді. Сонымен қатар, «Қазақстанның 100 киелі нысаны» жобасына Әулиеатаның 8 орны киелі жерлер картасына енді.

Айта кетейік,  көрме 3 күнге созылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.