Қазақстанда психоневрологиялық, наркологиялық және туберкулезға қарсы ұйымнан анықтама алу тегін болды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Tengrinews.kz — ке сілтеме жасап.
Мемлекеттік қызмет көрсету реестріне өзгерістер енгізілді. Бұрындары бұл үш анықтама ақылы түрде жасалатын. Повторить
Шымкент прокуратурасының мәліметінше, бұл анықтамалар 2018 жылдың 2 қазанынан бері тегін беріледі. Осы уақыттан бері ақылы түрде анықтама алған қала тұрғындары өз ақшасын қайтара алады.
— Бұл үшін анықтама берген мекемеге бару қажет, — деді қала прокуратурасының өкілдері.
Құзырлы органның мәліметінше, осы уақытта мекеме заңсыз түрде 5 миллион теңге алған. Психоневрологиялық анықтама — 350 теңге, наркологиялық анықтама — 350 теңге және туберкулезға қарсы мекемеден анықтама алу — 220 теңге көлемінде алып келген деректер анықталды.
— Жоғарыда атап көрсетілген мекемелер заңсыз түрде 8 күннің ішінде 5,4 миллион теңге табыс тапқан: туберкулезға қарсы күрес мекемесі — 406 анықтама (89 320 теңге), психоневрологиялық диспансер — 8048 анықтама (2 816 800 теңге), наркологиялық лиспансер — 7359 анықтама (2 575 650 теңге), — делінген ведоство өкілдері.
Прокуратура өкілдерінің әрекеті барысында ақылы түрде анықтама беру шарасы тоқтатылды.