Шашыраңқы склероз — ми мен жұлындағы жүйке талшықтарының миелинді қабығының зақымдануынан пайда болатын созылмалы аутоиммунды дерт. Бұл ауруға негізінен жас ағзалар шалдығады. Науқас 16-40 жас аралығында өршиді. Ерлерге қарағанда әйелдер жиі ауырады.
Зерттеушілер анықтағандай, жасушаларда тұз мөлшері көп болса, негізінен β-катенин нәруызынан тұратын Wnt сигналдық жолы белсенділігі арта түседі. Бұл сигналдық жол интерферон-гамма цикотиндері мен интерлейкин-10 бөліп шығаратын Т-регулятор жасушаларының жұмысына нұқсан келтіреді. Циктотиндер балансының бұзылуы қабынуды қоздырып, орталық жүйке жүйесін зақымдайды.
Бұдан бұрын, америкалық мамандар тұзды көп пайдалану мерзімінен бұрын ажал құшу қаупін арттыратынын анықтаған болатын.