Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық ІІД ЖПҚ Ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы, полиция полковнигі Қуанышбек Қалжанов мәлімдеді, — деп хабрлайды «Zhambylnews» Ақпараттық Агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
«2018 жылдың 9 айында кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс саны – 104, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыс саны –121 болса, 54 бала жауапкершілікке тартылған. Соның ішінде, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасында құқықбұзушылық жасағандар жоқ. 2018 жылдың 10 айында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 139 тен 116 фактіге яғни 16,5% төмендеді», — деді полиция полковнигі.
Бөлімше басшысы берген ақпаратқа сәйкес, бүгінгі күні облыс бойынша жалпы 162 мектеп инспекторы жұмыс істейді.
«Облыстағы 933 білім мекемелерінің 882, яғни 94,5% бейнебақылау камераларымен қамтылған. Оның ішінде 425 мектеп, 345 балабақша, 53 мектептен тыс мекеме, 47 колледж, 7 облыс интернаты және 5 қала сыртындағы лагерь бар», — деді Қалжанов.
ІІД өкілі балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқығын қорғау мақсатында өңірде түрлі іс-шаралар өтетінін мәлімдеді. Сонң қатарында, «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы, ата-аналар арасындағы «Өз балаңды сақта!» ұраны бар жиналыстар, «Қауіпсіз интернет», «Компьютер және балалардың денсаулығы», «Баланың интернет желісіндегі қауіпсіздігі» тақырыптарына сынып сағаттары, дәрістер, дөңгелек үстелдер бар.