Қазақстанда 2 миллионнан астам науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтылған

0 0

Әсері жақсы және өмірге қауіп төндірмейтін дәрі-дәрмексіз сапалы медициналық көмек көрсетілуі мүмкін емес. Бұл туралы Астанада өткен «Денсаулық сақтаудағы инновациялар» халықаралық ғылыми-практикалық форумында айтылды.

Қазақстан азаматтарының дәрі-дәрмекпен қамтылуы назар аударарлық дүние.

«Бүгінгі таңда мемлекет 2 миллионнан астам науқасты тегін және жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмекпен қамтып отыр. 2010 жылы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу азаматтарға емделу үшін кез келген өңірдегі аурухананы, оның ішінде республикалық емханаларды таңдауға мүмкіндік берді», — дейді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

2011 жылдан бері ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі көліктік медицинаны дамыту арқылы қамтамасыз етіліп келеді: санитарлық авиация қызметі құрылды, мобильді медициналық кешендер мен пойыздар және негізгі бағыттар бойынша медициналық және құтқару пункттері жұмыс істейді.

«7 жыл ішінде 8 мыңға жуық санитарлық авиациясы көмек көрсету мақсатында ұшып, 10 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетілді», — дейді ол.

Орталық коммуникациялыр қызметінде өткен брифингте 2019 жылы Қазақстанға 50 миллиард теңгенің тегін берілетін дәрі-дәрмегі әкелінетіні туралы айтылды.

Дереккөз: Baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.