Бүгін «Ауыл-Береке» базары емес «Жанибекова Сәуле» жеке кәсіпкеріне тиесіл базар өртенген.Бұл туралы арнайы оқиға орнынан облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали мәлім етті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA.
Бүгін барлық әлеуметтік желілерде «Ауыл-Береке өртке оранды» деген видеолар тарады. Бірақ бұл «Ауыл береке» базары емес болып шықты. Өртке оранған базар «Жанибекова Сәуле» жеке кәсіпкеріне тиесіл екен.
Оқиғаның қайдан және неден болғандығы туралы ЖО төтенше жағдайлар департамент басшысының орынбасары Талғат Сабиров сұхбат берді.