Өңірде «Байбосынов оқулары» болды

0 5

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Байбосынов оқулары» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Іс-шараның мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облысқа танымал археолог-өлкетанушы Күзембай Байбосыновтың өмірі мен зерттеу жұмыстарын насихаттау болып табылады.

Конференцияны облыстың құрметті азаматы, жазушы, драматург Елен Әлімжан, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары  Зубайра Сембина ашып берді.

Сондай-ақ, жиынға Қазақстанның тарих ғылымдарының докторы, профессор Айман Досымбаева, өлкетанушылар, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің т.ғ.к., доценттері, ф.ғ.к., мәдениеттану салаларының ғалымдары мен музей мамандары, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері, мұрағатшылар, ұстаздар, ЖОО білімгерлері қатысты.

Конференция соңында қатысушыларға өлке тарихымен музей жәдігерлері жайлы құнды ақпарат беретін бүктеме, журнал, кітапша, кәде-сыйлар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.