Жамбыл облысы әкімі, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Жиында қысқы мерзімде көлік коммуникациясы объектілерінің пайдалануға дайындығы мен облыс аумағында өрт және улы газбен улану оқиғалары туралы мәселелер қаралды. Орын алған оқиғалар мен дайындық деңгейін Жамбыл облысы ТЖ департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Бағдат Данилов баяндады.
Сонымен бірге, қысқы мерзімде облыс аумағында өрт және улы газбен улану оқиғалары туралы және көлік коммуникациясы объектілерінің пайдалануға дайындығы бойынша атқарылып жатқан іс-шаралары жөнінде қатысты мекемелер мен ұйымдардың бірінші басшылары сөз алды.
Жиын соңында, ТЖ комиссия төрағасы қатысты ұйымдар мен мекеме басшылырына алдағы қысқы мерзімде әрдайым халықпен түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілуі керектігін айтты.