Тараз қаласындағы №15 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі мектеп оқушыларының қатысуымен ашық есік күнін өткізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Оқушылар экскурсияда өрт сөндіру ісі туралы көбірек мағлұмат алды. Жас жеткіншектер құтқарушылардың үнемі қолданатын тыныс алу аппараттарын қызықтап, өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің бақылауымен оларды сынап көрді.
-Біздің мамандық қауіп-қатерге толы. Өрт сөндірушілер өздерінің жұмысын жақсы көреді және мақтан тұтады, сондықтан өрт сөндіру ісін көпшілікке тарату басымды тапсырмалардың бірі. Біз осындай іс-шаралар арқылы жас ұрпақты біздің жұмысымызға тартамыз. Кім біледі, мүмкін сіздердің қатарларыңнан біреулеріңіз болашақта біздің қатарымызға қосылатын боларсыңдар. Біз оған қатты қуанамыз, — деді өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Нұрбек Есенаманов.
Ашық есік күнінің соңында, оқушыларға ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық инстиуты бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіп бейне-ролик көрсетілді.