Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Қордай ауданындағы Әлжан ана ауылдық мәдениет үйінде «Жамбыл облысындағы этностардың музыкалық мұралар» атты облыстық семинар өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Жиынға облыстың әр ауданындағы мәдениет үйлерінең көркемдік жетекшілері, бөлім меңгерушілері мен әдіскерлері қатысты.
Аталған семинардың ашылуы барысында семинарға қатысушылар «Әлжан ана» ауылдық мәдениет үйінің іс-тәжірибесімен танысып, арнайы қонақтар үшін ұйымдастырылған көрмені тамашалады.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Е.Сембаева өңіріміздегі түрлі ұлт өкілдерінің отандық мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқанын айта келе, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жүзеге асыуына атсалысып, өлкеміздің мәдениеті мен өркениетіне өзіндік үлес қосатынына сенетінін жеткізді.
Сондай-ақ, әр ауданнан келген меңгерушілер этностардың мәдениетінің дамуындағы өзекті мәселелер мен жұмыстары жөнінде баяндамалар жасады.
Жиын соңында облысымыздың мәдениетін дамыту аясында отандық өркениетке зор үлес қосу үшін бірқатар жобалар айқындалып, ауқымды жұмыстар күн тәртібіне қойды.