Бүгін «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық кеңесінің отырысы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов жүргізген отырыста кеңес мүшелері мен зиялы қауым өкілдері бас қосты.
Сондай-ақ, Елбасы, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көтерілген тың жобаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.
Жиынға облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Зүбайра Сембина, Ұлттық спорт түрлерінен «Әулиеата» кәсіпқой клубы басшысының орынбасары Төлеген Жұматаев, «Мирас» аймақтық кеңес мүшелері Сәмен Құлбарақ, Болат Бекжанов, Жасұлан Әбдіманап, Ахметжан Өзбеков, Хамит Есаман қатысып, мақаладан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мәселелері туралы маңызды пікірлер мен ұсыныстар айтты.
Сонымен бірге, ақын, жазушылар Қайырбек Асанов, Елен Әлімжан, Шырын Мамасерікова, Үміт Битенова, ҚР халық әртісі Мәкен Рақымжанқызы, драматург Әлібек Әмзеұлы, облыс бойынша ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева, «Асыл Арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» ҚБ төрағасы Ринақ Нұрақбаев өз ойларын ортаға салды.
Айта кетейік, кеңес отырысына қатысуышалар тарапынан Елбасы мақаласында көтерілген тың жобаларды жүзеге асыру үшін абсент жылқысы туралы деректі фильм, анимациялық мультфильмдер сериясын түсіру, аң-құс атуға үш жылға мораторий жариялау, өнер мектебін ашу, Қарахан мен Айша бибі брендін қалыптастыру, ақындардың теле-айтысын ұйымдастыру сынды көптеген ұсыныстар айтылды.