Таразда жас домбырашылар флешмобы өтті

0 7

Тараз қаласындағы «Small» сауда орталығында Назарбаев Зияткерлік мектебі жас виртуоздарының орындауында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай аты аңызға айналған күйлер орындалды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

«Балбырауын», халық күйі «Келіншек», «Қара жорға», Әбдімомын Желдібаевтің «Ерке сылқым» күйлерін Тараздағы Зияткерлік мектептің 50-ден астам оқушысы орындап шықты. Ауқымды патриоттық акция жыл сайын қараша айының соңғы күнінде еліміздің аймақтарындағы 20 Назарбаев Зияткерлік мектептерімен бір мезгілде ұйымдастырылады.  Биылғы дәстүрлі шараға Қазақстан бойынша 1500-ден астам Зияткерлік мектеп оқушылары қатысып, жергілікті аймақ халқына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар, мектеп аясында мерекелік онкүндік жарияланып, жоспарлы іс-шаралар өтті. Олардың ішінде «Жас көшбасшылар-Қазақстанның үміті!» көшбасшылар форумы, «Елбасы жолы» зияткерлік ойыны, «Көңілді сөре» спорттық жарысы, Елбасының өмір және қызмет жолы жайлы фильмдер көру апталығы болып өтті.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы қазақстандықтар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін жетінші рет атап өтуде. 2011 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы «ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» заңы қабылданып, меркелер тізіміне енген болатын.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың республика алдындағы ерен еңбегін атап өтуге және мойындауға арналған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.