Мемлекеттік бюджетке аталған саладан болған кірістер көлемі 2,6 есе өскен. Бұл жөнінде LS порталы хабарлады.
Құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызмет 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында бюджетке 15,5 млрд теңге табыс әкелді.
2017 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда (12,2 млрд теңге) аталған мекемелердің табысы 26,5% өскен.
Ал көрсетілген кезеңде ойын бизнесіне салынған салық көлемі 2,6 есе артқан. Егер, 2017 жылдың үш тоқсанында ойын мекемелерінен республикалық бюджетке 8,5 млрд теңге кіріс келсе, 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында бұл сома 22,3 млрд теңгені құраған.
Айта кету керек, 2013 жылдан бастап құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін ұйымдар саны 142-ден 109-ға дейін, яғни, 23,2% қысқарған.
Дереккөз: Baq.kz