Ресейлік компания Қазақстанға озық қолжетімді технологияларды енгізуге көмектесуге дайын. Бұл туралы бүгін Ресейдің «Экологиялық және өнеркәсіптік саясат» ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Владимир Марьев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Қазақстанның озық қолжетімді технологиялар принципіне көшуі: қазіргі жағдай мен келешегі» атты халықаралық конференция аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Владимир Марьев қысты күні Астана аспанын басатын түтіннен қалай құтылу қажеттін атап өтті. «Бұл түтіннің қайдан шығатынын анықтау қажет. Егер ол автомобильдер шығаратын қалдықтар болса, онда бұл ірі қалалардың үлкен проблемасы. Сондықтан оның шешімі — отынның жаңа түрлеріне көшу және аталған отын түрін пайдаланатын автомобиль паркіне бақылау жасау. Қазіргі уақытта мұндай шара Мәскеуде қолданылып, көліктен шығатын қалдықтарды төмендетуге көмектесетін еуро стандартына көшірілуде. Егер бұл проблема жылу энергетикасы құрамына кіретін қуат өндіруші кәсіпорындармен байланысты болса, онда бұл басқа мәселе. Бұл — отынды дайындау, сүзгі, отының басқа түрлеріне көшу. Сондықтан түтіннің қайдан шығатынын білу қажет», — деді ол.
Сонымен қатар, ол озық қолжетімді технологияларды енгізу қалдықтарды қысқартуға бағытталғанын атап өтті. Ресейлік компаниялар Қазақстанда ең озық қолжетімді технологияларды енгізуге қызығушылық танытып отырғандығын да айтты.
«KazWaste» қауымдастығымен бірлесе жұмыс істеп, жаңа технологиялар жайында ақпарат алмасып отырамыз. Бұған қоса, қандай қалдықтар жиналғаны және олармен не істеу қажеттігі жайында да ақпарат алмасуға келістік. Дегенмен, «Экологиялық және өнеркәсіптік саясат» ғылыми-зерттеу институты тарапынан бірлескен өндіріс құру жайында сөз бола қойған жоқ. Дегенмен, біз соған келеміз деп ойлаймын», — деді ресейлік сарапшы.