Таразда «Біз денсаулықты таңдаймыз!» мәдени-сауықтыру акциясы өтті

0 12

Ағымдағы жылы 8 желтоқсан күні Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Жамбыл медициналық колледжі  және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Біз денсаулықты таңдаймыз!» атты «Small» сауда орталығында мәдени-сауықтыру акциясы өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Шараның мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, өз денсаулығын сауатты басқару дағдыларын меңгеру және әрбір азаматтың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу туралы хабардар болуын арттыру.

Бұл күні сауда орталығында ең үздік практика дәрігерлерінің, кардиолог, педиатрлардың, офтальмолог, терапевт, эндокринолог дәрігерлері тегін медициналық кеңес берді. Шара кезінде ақ халаттыларға 2000-ға жуық азамат глюкоза мен холестерин мөлшерін анықтап, бойы мен салмағын, артериялық қан қысымын өлшетті.

Сонымен қатар, облыстық жедел көмек қызметтің нұсқаушылары әр түрлі жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлікті шыңдау дәрістерін өткізді. Нақтырақ айтқанда, болашақ дәрігерлер жүрек-өкпе реанимациясын дұрыс жүргізуге үйретіп, зардап шегушілерге қандай көмек көрсету керектігін көрсетті.

Сондай-ақ, шара кезінде тұрғындарға тегін кепілдендірілген медициналық көмек және медициналық сақтандырудың маңыздылығы туралы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» қорының өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Акция соңында қала тұрғындары үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.