Республика аумағымен өтіп жатқан циклон өзімен бірге қар, бұрқасын, екпінді жел әкеледі, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
«Циклонға байланысты орнаған және республиканың батысында қар жаууына себеп болған бұлттар шығысқа қарай ығысуда. Бұлттардың Қазақстан аумағы бойынша жылжуымен бірге қар жауып, бұрқасын болады, екпінді жел соғады, республиканың басым бөлігінде көктайғақ болып, тұман түседі», — делінген хабарламада.
Болжанып отырған кезеңнің соңында тропосфералық ағындардың батыстан солтүстікке ауысуына және антициклонның жылжуына байланысты республиканың көптеген облыстарында күн салқындайды.