Тараздағы «Ғибрат» орталығында Жамбыл Жабаевтың кеші өтті

0 1

«Ғибрат» орталығында Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесі, «Ж.Жабевтың жауҺарлары» айдарымен «Бабалар аманаты» тақырыбында кеш өткізді. Тағылым түйер жиын, Елбасының «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Бабалар аманаты тақырыбында өткен кештің көздегені; ұлттық бірегейлікті сақтау, оның ішінде салт-дәстүріміздің кейбір жойылып бара жатқан жауһарларын қайта жаңғырту және тарихи құндылықтарымызды келер ұрпаққа аманат ету.

Ғибрат орталығына жиылған аудан қариялары мен қонақтар Ж.Жабаевтың өмірінен естеліктер айтып, мектеп оқушылары өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ, аудандық кітапқана қызметкерлерінің «Жауһар жырларымен жаһанды тәнті еткен «Жамбыл» көрмесі рухани кешке әр беріп, аудан өнерпаздары Жамбыл жырларынан шашу шашты.

Жетібай Бөрібаев ,   Жамбыл ауданының құрметті азаматы:

— Барлық жерде өтіп жатқан «Бабалар аманаты», соның ішінде біздің аудан Жамбыл бабаның атында. Өзі атыңнан айналайын Әулие ата, — деп жырлап, Жамбыл атамыз ақ батасын бергендей. Міне, бүгіндері үлкен жетістіктерге жетіп жатырмыз.

Дереккөз: Jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.