Жамбыл облысында есірткі тасымалдаған азамат ұсталды (ВИДЕО)

0 0

2019 жылдың 5 қаңтарында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Меркі ауданы, Беларық ауылының солтүстік-шығыс бағытының 10 шақырымында осы ауданның 53 жастағы «И» есімді азаматын ұстады. Оның жеке басын қарау кезінде көк түсті полипропилен қабына салынған, жалпы салмағы 2кг. 230гр. кептірілген марихуана есірткі заты табылды. Бұл туралы «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2009 жылы ҚР ҚК 259-бабының 1-бөлігімен сотты болған азамат кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдын алу тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.