Таразда істен шыққан лифтінің түтіндеуінен адамдар эвакуацияланды

0 2

8 қаңтарда сағат 13:36-да Бәйтерек шағын ауданындағы 6 қабатты үйдегі жұмыс жасамай тұрған лифтінің түтіндегені туралы хабарлама түсті.

Артынша лифт кабинасының 3 шаршы метрлік қаптамасы өртенгені анықталды.

Оқиға орынынан 27 адам, оның ішінде 13 бала эвакуацияланды. Өрт 14:20-да ауыздықталып,  14:24-те сөндірілді.

Өртті сөндіруге Жамбыл облысы ТЖД-ның жеке құрамынан 13 адам жұмылдырылған.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.