«Жамбыл — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі тұрмыстық жемқорлықты жою мен азаматтарға қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында тұрғындардан келесі салалар бойынша ұсыныстар мен пікірлер қабылдайды:
- білім беру саласы;
- денсаулық сақтау саласы;
- әлеуметтік қамсыздандыру саласы;
- сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы;
- ауыл шаруашылығы және жер қатынастары салалары;
- мемлекеттік кіріс органдары саласы;
- сот және құқық қорғау органдары салалары.
Барлық ұсыныстарыңызды «Жамбыл — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің adaldyq08@mail.ru электрондық мекен-жайына жолдауыңызға болады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет алу барысында Сіздің құқығыңыздың бұзылу фактілері мен мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз әрекеттер орын алған жағдайлары болса, онда 87471492525 (whatsapp) нөмеріне өтініш-шағымдарыңызды жолдауыңызға болады.