Қала тұрғындарының назарына!

0 2

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен Тараз қаласы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары жүргізілген.

Жүргізілген талдау жұмыстары облысымызда мемлекеттен жер телімін алуға кезекте 70 мыңнан астам азамат тұрғандығын көрсетті.

Алайда, жүргізілген талдау жұмыстары жер телімін алуға кезекте тұрған бірқатар азаматтар жайлы ақпараттардың (байланыс телефондары, мекен-жайлары) ескіргендігіне және ЖСН болмауына байланысты, кейбір азаматтар кезектен тыс жер алған фактілерін көрсетті.

Осыған орай, кезекте тұрған азаматтар Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөліміне барып, өздеріңіз жайлы ақпаратты жаңартуларыңызды сұраймыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.