Таразда инновациялық мамандандырылған оңалту құрылғысы іске қосылды

0 1

Қалалық балалар ауруханасына жергілікті бюджет есебінен ауыр бас-ми жарақатын алған, инсультке шалдыққан және жүру қабілеті бұзылған балаларға арналған Эргометриялық реабилитациялық медициналық h/p cosmos robowaIk қондырғысы сатып алынып, қажетті мамандар дайындалып, кішкентай науқастар үшін іске қосылды. 32 миллион теңге тұратын бұл тренажер республиканың төрт қаласында ғана болған, бесіншісі міне – Таразда. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Германияда жасалған инновациялық мамандандырылған оңалту құрылғысы электрондық жүйе арқылы жүргенде бұлшық еттердің жұмысына көмектеседі. Аппараттың қадамның сапасын бақылау, пациенттің қозғалыс жылдамдығын реттеу, жүгіру жолын көтеру, жүрісті талдау жүйесі сияқты функциялары бар.

Қалалық балалар ауруханасының оңалту бөлімінің меңгерушісі Елена Шицтің айтуынша, өкінішке орай, осы емге мұқтаж балалар саны көбейіп келеді, сондықтан жабдық әрдайым сұранысқа ие болады.

«Балалар емнің бұл түрін жақсы көреді, — дейді Елена Кондратьевна, — олар өздерінің жүру дағдыларын жақсарғандығын бірден көреді, ал бұл баланы дамыу үшін жақсы ынталандыру болып табылады.

Оңалту бөлімінде тірек-қимыл аппаратының бұзылуын түзетуге мүмкіндік беретін заманауи тренажерлар мен техникалық құралдардан басқа, баланың дамуына көп көңіл бөлінеді. Әрқайсысы үшін түзету және оңалтуды дамыту үшін жеке бағыт жасалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.