2019 жылдың Жастар жылы деп жариялануы жамбылдық жастарға да қанат бітірді.
Олар Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты «Қайыңды» шатқалының 2 мың 900 метр биіктіктегі «Дегерес» шыңына Қазақстанның көк байрағын тікті. Жамбыл ауданының бір топ белсенділері арнайы дайындықтан өтіп, 9 сағатта шың басына шыққан. Биылғы жылдың алғашқы қадамын осылай бастаған жалынды жастар, тауға шығу арқылы биік белестерді бағындыруды көздейді.
Дереккөз: 24.kz