Тараз қаласында ағымдағы жылы 5 спорт нысаны ашылады

0 2

Тараз қаласында үстіміздегі жылы 5 спорт нысандарын іске қосу жоспарлануда. Олар «Аса» мөлтек ауданында, «Қант зауыты» тұрғын алқабында қалалық бюджет есебінен жасанды төсеніші бар кіші футбол алаңшалары және «Қарасу» мөлтек ауданында, «Хамукат» алқабында, Сәтпаев көшесінің бойында 3 «Street Workout» спорт алаңшалары пайдалануға берілетін болады. Бұл туралы Тараз қаласы әкімі Ғалымжан Әбдірайымов 2018 жылы атқарылған жұмыстарға халық алдында есеп беру жиынында айтты, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Бүгінде Тараз қаласында жүйелі түрде спортпен айналысушы азаматтар саны – 104159 адам болса, бұл қала тұрғындарының 29,3% құрап отыр.

Сондай-ақ, жасөспірімдерді және басқа да азаматтарды спортқа баулу бағытында қалада 503 спорт нысандары жұмыс атқаруда, оның 445-і мемлекеттік, 58-і жекеменшік иесінде. Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану үшін, бүгінгі таңда қалада 4 аула клубы мен 63 жастар қоғамдық бірлестіктері жұмыс атқаруда.

Еске сала кетейік, өткен жылы қалада 8 спорт нысаны пайдалануға берілді. Атап айтсақ, Қ. Рысқұлбеков атындағы саябақта бір кіші футбол алаңшасы,  әмбебап спорт алаңшасы, «Street Workout» алаңшасы, күш қолданатын көше жаттығу алаңшасы және шахмат аймағы,  «Аса» мөлтек ауданында бір кіші футбол алаңшасы, «Ұшбұлақ» каналы жағалауында күш қолданатын көше жаттығу алаңшалары бар.

Сонымен бірге, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен жылы Казфосфат ЖШС-нің демеушілігімен «Мыңбұлақ» мөлтек ауданында әмбебап спорт алаңы ашылды.

«Өткен жылы спорт саласында жерлестеріміздің жеткен жетістіктеріне тоқталсақ, суға жүзу спортынан Зульфия Габидуллина Берлин қаласында өткен әлем кубогінің және Джакарта қаласында өткізілген пара-Азия ойындарының жеңімпазы атанса, Ресейдің Екатеринбург және Қытайдың Хоххот қалаларында өткен халықаралық турнирлерде Тараздық түлегіміз Елдос Сметов жеңімпаз  атанды. Сонымен қатар, кәсіпқой бокстан Фируза Шарипова әлем чемпионы белбеуін қорғаса, Джакарта қаласында өткен Азия ойындарында жерлесіміз Гузалия Гафурова каратэ-додан жеңімпаз атанды. Бұдан бөлек, Индонезия мемлекетінің Джакарта қаласында өткізілген Азия ойындарында Жапаров Руслан таеквандодан, Қасқабай Әділ жүзу спорт түрінен және Голендова Светлана жеңіл атлетикадан қола жүлдегерлері болып атанды. Жалпы Тараз қаласында 400-ге жуық спортшы халықаралық және Қазақстан Республикасының ресми жарыстарында жеңімпаз бен жүлдегерлер атанған», — деді шаһар басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.