Тараз жаңғыру жолында — Ж. Орынбаева

0 14

Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов «2018 жылдың әлеуметтік – экономикалық даму қорытындысы туралы» №51 орта мектебінде халық алдында берген есебінде 2018 жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты болғандығын баяндады.

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында белгіленген міндеттерді орындау барысында өңір экономикасының өнеркәсіп, ауылшаруашылық, тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және жастар саясаты салалары бойыншанақты көрсеткіштерге қол жеткізілген. Атап айтқанда, өнеркәсіп саласында өткен жылмен салыстырғанда 8,1 млрд. теңгеге артық өнім өндіріліп, халықтың жан басына шаққандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 669,8 мың теңгені құрайды.

Қазіргі таңда қала аумағында ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуші 98 цехтар мен кәсіпорындар жұмыс істеуде. Аталмыш кәсіпорындарда жалпы саны 2158 адам жұмыс атқарады.

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық – инновациялық даму Мемлекеттік бағдарлама аясында 2015-2018 жылдар арасында, яғни индустрияландырудың екінші кезеңінде 20,1 млрд. теңгеге 10 жоба жүзеге асырылып, 360 жаңа жұмыс орындары ашылғандығын халық назарына жеткізді.

2018 жылы мемлекеттік бюджетке 39,9 млрд. теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсіп, жылдық жоспар 107,3%-ға орындалғаны халықты қуантады.

Есепті кезеңде Тараз қаласында құрылыс жұмыстарының көлемі 43,7 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі 112,1% құрап отыр. Атап айтқанда, білім саласы бойынша қаладағы жалпы білім беретін күндізгі 60 мектеппен 1 кешкі мектебінде жалпы 71 013 бала білім алуда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда оқушылар саны 3562 балаға өскендігін көрсетеді.

Қала аумағында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Ақылды» қала — қауіпсіз қала» жобасы аясында «қауіпсіз мектеп» бағдарламасы енгізіліп, 16 мектепте бейнебақылау жүйесі жаңартылғандығы оқушылардың жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қалада 10 «ақылды бағдаршамдар» орнатылып, жол қозғалысы жақсартылуда. Бұл өз кезегінде көлік қозғалысы ағынын тиімді реттеп, апаттық жағдайлардың алдын алады.

Тараз қаласында жүйелі түрде спортпен айналысушы азаматтар саны – 104 159 адам болса, бұл қала тұрғындарының 29,3% құрап отыр.Салуатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен жылы қалада 8 спорт нысаны пайдалануға берілген.

Есепті жылы қала көлемінде жалпы әр түрлі 5801 қылмыстық істер тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны 22,4%-ға төмендеп отыр. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық 15,8 пайызға төмендеп, 80 деректі құрап отыр. Құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігі артып, жастармен жұмыстың жүйелі түрде жүргізілгенін көрсетеді.

Қала тұрғындары үшін ең маңызды болған нысандар Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағы және Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақ, «Желтоқсан» аллеясы, темір жол бекеті алдындағы «Көне Тараз» сквері, «Үшбұлақ» каналының жағалауы, «Достық» алаңындағы және облыстық әкімшілік алдындағы су бұрқақтары, «Жамбыл» ескерткішінің орнын ауыстыру шаһарымыздың сәнін келтіріп, тұрғындардың және қала қонақтарының жайлы демалыс орындарына айналды. Есепті кезеңде Тараз қаласының деңгейінде қала әкімдігі тарапынан халықтың әл-ауқатының артуы, өмір сүруге және тұрмысқа қолайлы жағдайлар жасалуы мақсатында атқарылған жұмыстар Елбасымыз Н.Назарбаевтың кезекті Жолдауында белгіленген міндеттердің, мемлекеттік бағдарламалардың өңірде тиімді жүзеге асырылғанын көрсетеді.

Орынбаева Жанар Рымбековна

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры,

Тараз қалалық мәслихатының депутаты

Leave A Reply

Your email address will not be published.