Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы жылыту маусымы басталғалы бері облыстың тұрғын үй секторында 2 айлық өрт қауіпсіздігі шаралары атқарылып, 250 мыңға жуық халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Бүгінге дейін тұрғын үй секторында 72 832 үй араланып, 160 мыңға жуық адамға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 10 500 адамның қатысуымен 877 рет тұрғындармен кездесу өткізілді.
Өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша жадынамалар таратылып, «ҚазТрансГаз» кәсіпорны қызметкерлерімен газдан улану фактілері көп тіркелген аймақтарда 100 рейд жүргізілді.