Жамбыл облысында су қоймаларына зерделеу жұмыстары жүргізілді

0 16

Ағымдағы жылғы ақпан айының 11-16 аралығында су шаруашылығы мекемелерінің мамандарымен бірлесіп жұмыс тобы құрамында су шаруашылық нысандарына Жамбыл облысының алдағы су тасқыны мерзіміне дайындық мақсатында визуалды зерделеу жүргізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» AA облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Зерделеу барысында 156 гидротехникалық құрылғылар, су қоймалары мен су айдындары тексерілді. Оның ішінде «Қазсушар» облыстық филиалының меншігіндегі 36, 105 коммуналдық меншіктегі, қалғаны жеке меншіктегі нысандар бар.

Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша 2018 жылы Жамбыл су қоймалары КМК меншігіндегі 22 су қоймасы 2018 жылы өз күштерімен жөндеуден өтіп, қанағаттандырарлық жағдайда екендігі анықталды. Ал коммуналдық меншіктегі 23  су қойма күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Тағы бір жаңалық. Ағымдағы жылы Талас ауданында орналасқан Қазақбай су қоймасы «Су тасқыны қауіптерінің алдын алу және жою бойынша 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» жол картасына енгізіліп жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осы жұмыстарға жергілікті бюджеттен 10,5 млн. теңге қаржы бөлінген.

Бүгінгі күнге гидротехникалық құрылғылардың меншік иелерімен су қоймалары мен су айдындарының толымдылығына күнделікті мониторинг жүргізілуде. Кіші су қоймаларының иелеріне суды 60% артық жинамай ағысты жағдайда ұстауларына ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ, облыс аумағында су тасқыны мерзімі жылда ақпан айының 3 онкүнді мен маусым айының 1 онкүндігі аралығында өтеді. Бұл мерзімде облыстың таулы аймақтарында көп мөлшерде жауын және қардың тез еруі кезінде су басу жағдайлары болуы мүмкін.

Бүгінде өңірде 30-дан астам су тасу қауіпі болуы мүмкін аймақтар анықталған. Су басу аймағына 38 елді мекен жатады. Су басу аймағы – 2150 шақырым2 , су басуы мүмкін аймакқта 40 астам нысандар орналасқан.

Сонымен бірге, зерделеу қорытындысы өзара түсінушілік және ынтымақтастық бойынша Меморандум шарасын орындау мақсатында әкімдіктің өкілдерінің қатысуымен ТМУ және ТЖД арасында жұмыс жиналыс кезінде қаралады. Бұл бағыт бойынша жұмыстар ТЖ департаментінің үнемі бақылауында.

 О. Такеев,

Жамбыл облысы ТЖД ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі

Leave A Reply

Your email address will not be published.