Тараз қаласындағы пәтердегі газ жарылысынан зардап шеккен адамдарға қажетті медициналық көмектің барлығы көрсетіліп жатыр. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі аясында БАҚ өкілдеріне Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Тараздағы оқиғаға байланысты съезд алдында жергілікті денсаулық сақтау басқармасының басшыларымен сөйлестім. Өкінішке орай үш адам сол жерде қаза тапты. Үш адам ауруханада. Олардың бірі — бала бас жарақатын алған, жағдайы ауыр. Арнайы операцияға дайындап жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан қандай көмек болсын көрсетуге дайынбыз. Екінші науқаста қарқынды ем алып жатыр. Денесінің 50 пайызын күйік шалған. Барлығы медициналық көмек алып жатыр. Бәрі менің жеке бақылауымда», — деді Елжан Біртанов.