Жамбыл облысында республикалық ақындар айтысы өтеді

0 14

Бүгін Жамбыл облысында республикалық ақындар айтысы өтеді. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары Сембина Зубайра, ақын, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жүрсін Ерман, сазгер, әнші Алтынбек Қоразбаевтың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Спикерлердің сөзінше, айтысқа Аспанбек Шұғатаев (Павлодар облысы), Қайнар Алагөзов (Ақтөбе облысы), Айбек Қалиев (Қостанай облысы), Дидар Қамиев (Қарағанды облысы), Талғат Мықи, Бауыржан Ширмединұлы (Батыс Қазақстан облысы), Олжас Отар (Астана қаласы), Мұхтар Ниязов (Қызылорда облысы), Нұрлан Есенқұлов (Түркістан облысы) және 8 ақын облыстық ақындар айтысының жеңімпаздары Алтынкүл Қасымбекова, Қанат Мырзахан, Асхат Қылышбек, Нұрлыбек Құрманов, Дархан Әбдіманат, Шапағат Әбдір, Ербол Елшат, Медеу Мырзатай сынды 20 айтыскер қатысады.

Қазылар алқасының төрағасы айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Аманжол Әлтаев. Сондай-ақ қазылардың қатарында композитор, Қазақстанның, Қырғыстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, айтыскер ақын, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Бекарыс Шойбеков, ақын, журналист, «Ана тілі» газетінің бас радекторы Жанарбек Әшімжан, айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Бауыржан Халиолла, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Қайырбек Асанов, айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ахметжан Өзбеков бар.

Айтыстың жүргізушісі ақын, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы — Жүрсін Ерман.

Бас жүлде – автокөлік. І, ІІ, ІІІ орынға ақшалай сыйлықтар беріледі.

Келген қонақтарға кіру тегін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.