Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов Байзақ ауданына жұмыс сапары барысында Темірбек ауылдық округіндегі «Көк Жайлау» шаруа қожалығының жұмысымен танысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Байзақ ауданының Темірбек ауылдық округіндегі «Көк Жайлау» шаруа қожалығының болашағы зор. Өз шаруасын 2017 жылдан бері жүргізіп келе жатқан қожалық жетекшісі Гүлзада Құрманбаева бүгінде 7 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, жалақыларын төлеп отыр.
Қожалық ағымдағы жылы Чехиядан 54 миллион теңгеге 90 бас асыл тұқымды тана сатып алған. Бүгінгі таңда 270 бас мүйізді ірі қара, 120 асыл тұқымды аналық бас және 30 жылқы бар. Шаруа қожалықтың өзінің 627 гектар жері бар болса, оның 80 гектары егістік алқап екен.
Гүлзада Құрманбаева коопертивтің жұмысын дамыту мақсатында сүт цехын сатып алу үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы несиеге қол жеткізуді көздеп отыр.